АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР » Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебі коммуналдық» мемлекеттік мекемесі
Алматинская область
Кеген ауданы білім бөлімінің
"Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(727)7750266
Бухгалтерия
+7(727) 7750266
Версия для
слабовидящих
07
март
2024

АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

Өзгерістер Жобасына сәйкес ПББ (педагог білімін бағалау) тапсыру тәртібі:

📝 ПББ электронды форматта тапсырылады;

📝ПББ өткізу мерзімін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі айқындайды;

📝 Педагогтер кезекті атестаттаудан өту кезінде жылына бір рет – тегін, бір рет – ақылы; кезектен тыс болса - жылына бір рет тегін тапсыра алады;

📝 Сынақ тестілеуі (педагогтің қалауы бойынша) – жыл бойы ақылы негізде, бірақ сынақ тестілеуінің нәтижелері аттестаттау үшін негіз болып табылмайды;

📝 ПББ шекті деңгейі:

1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:

«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;

«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %;

«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;

«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90 %;

2) бiлiм беру ұйымдарының (әдiстемелiк кабинеттердiң/орталықтардың) бiрiншi басшыларына, басшының орынбасарларына, әдiстемелiк кабинеттердiң (орталықтардың) әдіскерлерiне - 70 %.

📝 ПББ Ережелерін бұзған жағдайда педагог бір жыл мерзімге аттестаттаудан шеттетіледі. Егер қайталап бұзса - 5 жылға шеттетіледі;

📝 ПББ нәтижесімен тестілеу аяқталғаннан кейін бірден компьютер экранында танысуға болады.

Похожие публикации