Тасашы орта мектебіндегі жалпы ата – аналарының 2016-2017 оқу жылындағы істеген жұмыстары жайлы » Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебі коммуналдық» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Кеген ауданы білім бөлімінің
"Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7750266
Есепші бөлімі:
+7(727) 7750266
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тасашы орта мектебіндегі жалпы ата – аналарының 2016-2017 оқу жылындағы істеген жұмыстары жайлы
30
апрель
2017

Тасашы орта мектебіндегі жалпы ата – аналарының 2016-2017 оқу жылындағы істеген жұмыстары жайлы

Тасашы орта мектебіндегі жалпы ата – аналарының
2016-2017 оқу жылындағы істеген жұмыстары жайлы

Анықтама
Қыркүйек айының 12 .09.2016ж жалпы ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста күн тәртібінде негізгі мәселе бойынша
1) «Отбасы мен мектеп- өнегелі ұрпақ» атты баяндама оқылды.
2) 2016-2017 оқу жылындағы ата – ана комитетінің есебі тыңдалды.
3) Жаңа оқу жылына ата – аналар комитетінің құрамын сайлау.
Мектепішілік ата – аналар комитетінің төрайымы болып Ерланова Қарлығаш, мүшелері: Жұмалиева Майгүл,Рысқұлова Қарлығаш, Талдыбаева Нағима,Абуталипова Бұлбұл,Құлманбетова Сәуле сайланды. 2016-2016 оқу жылына ата – аналар комитетінің жұмыс жоспарын жасай отырып, талқыланып бекітілді. Жетіспейтін оқулықтарды балаларына сатып алып беру, оқулықтарды түгендеу мәселесі айтылып өтті. Сонымен бірге аз қамтылған, көп балалы және жартылай жетім отбасы балалары анықталып 12 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қыркүйек айында «Отбасынан қымбат не болуы мүмкін?» атты акция өткізілді. Онда оқушылар мен ата-аналардың қосқан үлестері жиналып,оқушыларға оқу құралдарын алып бердік. Соған байланысты «Жақсылық жасауға асығайық» атты 7-сынып жетекшісі Азанбаева Гүлназ баяндама оқыды. «Отбасы – алтын діңгек» тақырыбында сыныптардың ата –аналар арасында жарыс өткізілді. Осы айда 100 ата –ана сабаққа қатысты. Ашық есік күні 10-17.09.2015ж аралығында 70 ата – ана сабаққа қатысты..
Қазан айында ата – аналардың сабаққа қатысулары жөнінде айтылды. Осы айда 120 ата –ана сабаққа қатысты. Ашық есік күні
15- 22.10.2015ж аралығында 75 ата – ана сабаққа қатысты.
Қараша айында ата – аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде
1 – ші мәселе бойынша « Отбасы-қоғамның жоғары құндылығы » және «Ата- аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі» атты баяндама оқылды. 2- ші мәселе бойынша І – тоқсан оқу үлгерімі, тәртібі, тазалығы жөнінде мәселелер айтылды. Кейбір ата – аналарға ескертулер жасалынды.Осы айда 100 ата –ана сабаққа қатысты. Ашық есік күні 16-26.11.2015ж аралығында 80 ата – ана сабаққа қатысты Желтоқсан айында жаңа жыл шыршасына дайындалып, «Жарқырасын жаңа жылдың шамдары»» атты1-11 сыныптар арасында келік кешімізде өнерлі оқушыларымыз жақсы әндермен, билермен көзге түсіп, өте көңілді қызықты өткіздік. Балалар өздерінің жаңа жылға дайындалған сыйлықтарын алды.
І жарты жылдықта сабаққа қатысқан ата – аналар саны 320 ата-ана болды, ал ашық есік күні бойынша 225 ата – ана сабаққа қатысты.



Ата – аналар комитетінің
төрайымы: Ерланова Қ


Хатшысы: Жұмалиева М







Похожие публикации:

30 апрель 2017 8 наурыз
30 апрель 2017 Ыстық тамақ