Қарты бар ел - қазыналы ел » Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебі коммуналдық» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Кеген ауданы білім бөлімінің
"Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7750266
Есепші бөлімі:
+7(727) 7750266
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2023

Қарты бар ел - қазыналы ел

 Тақырыбы :  " Қарты  бар  ел-  қазыналы ел"  атты  тақырыпта 5- сынып  оқушыларымен  сынып  сағаты  өткізілді.
Мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап,тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу .
      Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен  ерген інілеріне  ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтады.