Мектеп тарихы » Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебі коммуналдық» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Кеген ауданы білім бөлімінің
"Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7750266
Есепші бөлімі:
+7(727) 7750266
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2017

Мектеп тарихы

Тасашы орта мектебінің іргетасы 1945 жылдан 1946 оқу жылында №50 жылқы заводы жеті жылдық мектебінің филиалы болып Қарағандыбұлақтан ашылған еді.
Осы филиал мектепті алғаш рет ашып ұйымдастырушы Еңбек Қызыл ту орденді Бақашев Құттығожа болатын. Ол кезде мектеп бойынша 1,2,3,4 кластарда 20 бала, ІІ-сменада оқитын еді. Ертеңгі сменада ІІ-ІV класс,ал ІІ-сменада І-ІІІ кластар оқитын.
Мектеп бір бөлмеден тұратын соқпа там еді, Класта 4 парта және қолдан жасалынған 1 тақта бар еді. Мұғалімге арналған стол, орындық атымен жоқ еді. 1946-1947 оқу жылына арнап Бақашев Құттығожа шағын екі бөлмелі соқпа там мектеп жасатты. Бір бөлмесінде Бақашев семиясымен тұрды да, екінші бөлмесінде балалар оқитын.
1947-1948 оқу жылынан бастап филиал орнына Ақбейіт бастауыш мектебі құрылды. Мектеп меңгерушісі болып Бабитаев Тілепберген мұғалім болып Байдалин Кенжебек істеді. 1951-52 оқу жылында Қайыпова Бұлыш Қарқара жеті жылдық мектебіне ауысты да оның орнына жоғары білімді Нұрпейісова Нұрила мұғалім болды.