Қамқоршылық кеңес » Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебі коммуналдық» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Кеген ауданы білім бөлімінің
"Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7750266
Есепші бөлімі:
+7(727) 7750266
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2018

Қамқоршылық кеңес

Хаттама №3
«Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Тасашы ауылы 26. 12.2017ж
«Тасашы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және сарыкөл бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің отырысы болып өтті.
Қатысуға тиіс: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібінде:
1. 2017-2018 оқу жылында мектеп директоры Қ. Қамбарбекованың бірінші жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыс жайлы есебі
Хабарламашы Қ. Қамбарбекова / мектеп директоры/
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Қ. Қамбарбекова сөз алды. Сөз барысында: « Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚРБжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде мектепте қамқоршылық кеңес құру туралы мектеп директорының 2017 жылдың 8 қыркүйек №188 бұйрықпен қайта құрам сайланды. Мектеп бойынша қамқоршылық кеңестің ішкі ережесі бекітілді.
Ережеде оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға,мектептің барлық кеңестерінің мүшелерің мектептің іс-шараларын ұйымдастырып,қатыстыруға,өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып қабылданды. Қамқоршылық кеңесі мектепке оқыту және тәрбие жұмысында,материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған.Кеңестің мақсаты мен міндеті құрамға таныстырылды. Сонымен қатар мектеп директоры төмендегі мәселелерді айтып өтті Мектептегі 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысы бойынша іс-шарасы жасалып ұжымға, ата-аналарға ,оқушыларға таныстырылып бекітілді. Мектепке әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына толық қайта есеп тізбесі жасалды. Мектепте Жартылай жетім - 48 оқушы. Толымсыз отбасы баласы -43 оқушы. Аз қамтылған отбасы балалары -58 оқушы, 175 көп балалы оқушылар тізімі жасалды. Шекаралық аумақ бойынша мектеп мұғалімдері бөлінген үгітшілер 17 көше . Көше бойынша оқушылар есепке алынуда. Жағдайы келмейтін, қанғыбастыққа салынған оқушы жоқ. Барлық оқушының жағдайы анықталып тексерілуде. Акция барысында оқушыларға керекті оқу құралдары, мектеп формасы кәсіпкерлерге және мұғалімдерге алып келу тапсырылды, әкімшілік тарапынан ескертілді. Рейд барысында қоғамдық орындар,малды ауылдар,базар маңдарында тексеру жүргізілді, дәлелсіз себептермен мектепке тартылмай қалған балалар анықталған жоқ. «Мектепке жол» акциясы негізінде «Қайырымдылық сауап табатын жол » ұранымен қайырымдылық акциясы өтілді. Жартылай жетім, аз қамтылған 17 оқушыға - 52000 теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. Ауылымыздың тұрғыны Бөлекбаева Майгүл интернат оқушыларының тынығу бөлмесіне 146000 (бір жүз қырық алты мың ) теңге көлемінде кілем, диван кресло т.б заттар алып берді
Міндетті білім беру айлығы барысында қайырымдылық акциялар ұйымдастырылып өткізілді.
Сөйлеушілер:
Кеңес мүшесі Г. Әуезханова сөз алып менің айтайын дегенім, мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға да көмек көрсету керек. Көптеген игі шараларды қолға алуымыз керек.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе кеңес отырысы қаулы етеді:
1. Мектеп директоры Қ. Қамбарбекованың бірінші жартыжылдық бойынша атқарылған есебі еске алынсын.
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру, мектепке демеушілер тарту кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.
Хатшы: Д. Ермекбайұлы